Қаралатын
мәселелер:
-
драмалық бейнелеу тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері;
- драмалық
туындының синтетикалық сипаты;
- драматургия және
театр;
- А.Байтұрсынов,
М.Әуезов драма ерекшелігі хақында;
- драмалық негізгі
жанрлар: трагедия, комедия және драма;
- қазақ
драматургиясында бұл жанрлардың туу, қалыптасу
тарихы.
Драма (грек
сөзі-қимыл,әрекет)-шындықта айрықша
тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар
үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың
сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында
«әдебиеттің ең қиын түрі». Себебі, драматургияда
шарттылық басым.
Біріншіден,
драмалық шығармаға көлемі жағынан шек ойылады,
70-80 беттен аспауы шарт.
Екіншіден,
драмалық шығарма тек қатысушылардың сөздерінен
құралады. Шындық пен образ диалог пен монологқа
негізделеді, авто сахна сыртында қалады. Сондықтан, драмадағы ең негізгі нәрсе-тіл. Пьесадағы әр сөз
мірдің оғындай өткір, көкейге қона түсетіндей таза,
санаға әсер ететіндей мағыналы да мәнді болуы керек. Драма тілі тұжырымды да түйінді болады.
Үшіншіден, қимыл-әрекет жоқ жерде драмалық шығарма да жоқ. Демек, драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс керек.
Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада табады, драмадағы образ тек сахнаа жасалады. Гогольдің сөзімен айтсақ:
«Драма сахнада ғана тіршілік етеді; сахнасыз драма-денесіз дем». Пьесаны сахнаға шығару жолында режиссердің, актердің, суретшінің композитордың, түрлі саладағы жұмысшылардың
еңбегі жұмсалады.
Сөйтіп сахналық шешімін тапқан драматургиялық
шығарма көрермен
көңілінен шыға
ма, жоқ па?! Бұл негізгіқиындық.
Біздегі театр
өнерінің ұлттық
негізгі халықтың
өзінде жатқанеді:
ел ішінде ежелден келе жатқан ойын-сауық, ән мен күй, жар-жар мен беташар, естірту мен жоқтау, айтыстар мен шешендік
сөздер, түрлі толғаулар
мен күлдіргі әңгімелер.
Драмадағы ең шешуші нәрсе-тартыс.
Көлемді эпикалық шығарманың
сюжеті секілді, драмадағы тартыстың
да кезең-кезеңді
басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі болады; драмалық шығармалардың классикалық
үлгілерінде бұл
кезеңдер композициялық
жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны
өрбітуі тәртібі
жазылмаған заң ретінде қатал сақталады.
Эпос пен лирика секілді, драманың
да бірнеше
жанрлық түрлері
бар. Соның бірі-трагедия (грек сөзі-текенің
әні)-құдіретті
күш иесі, ғаламат қайсар, ер де
өр тұлғалардың
жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асқақ кедергілермен кескілесуіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі
сахналық шығарма.
Трагедиядағы оқиғалар
әдетте қатерлі,
қайғылы халден туындап, бас қаһрманның
қазасымен-мұңмен, зармен бітіп
отырады.
Драматургияның келесі бір
түрі-комедия
(грек сөзі-күлкілі, қызық ән)-өмірдегі келеңсіздікті,
жағымсыз құбылыстарды,
адам бойындағы оспадарлықты, мінезіндегі ерсілікті сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі
пьеса.
Трагедия ежелгі Эллада елінде,
көне гректерге көктем сайын жүзім мен шарап шаттығын
сыйға тартып тұрытын тек тұрпатты
Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен сналатынынан туған. Сайранды ұйымдастырушы топ хормен жамырап, Дионис туралы аңыз-трагедия (трагодс-теке,
ода-ән) яки текенің
әнін орындайтын болса, комедияның басы да осы Дионис мейрамында
жатыр: өлген «текенің» қайта тірлуін көне гректер енді комедиямен
(комиос-көңілді топ, одэ-ән)
яки көңілді әнмен,
күлдіргі ойындармен, қызықты бимен құттықтаған.
Комедияның күші-күлкіде, күлкінің күші-шыншылдық
пен табиғилықта. Шыншыл
әрі табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық,
не сатиралық образдарға
көркем жинақталып,
парасатты, биік идеяға шебер бағындырғанда, ғана
бұл жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады.
Қорыта айтқанда, драма-сахнаға
арналған, оқиғаны,
оған қатысушы кейіпекрлердің іс-әрекетін,
көңіл-күйін көрсету
арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Драмалық шығармада кейіпкер өздерінің айтатын сө арқылы, сонымен бірге сахнадағы
қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөз (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі
(диалог)-бұлар оның
характерін, қоғамдық
мәселелерге көзқарасын
сипаттаудың басты тәсілі. Біз болып жатқан, өткен жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың
көзімен көріп, қуаныш-қайғыға берілуінен,
ойлау-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен оқиғаны баяндайтын эпкалық жанрға тән көркемдік тәсіл ұштасып
жатады.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Драма деген не? Оның қандай түрлері бар?
2. Драманың
бейнелеу тәсілдерінің ерекшелігі неде?
3. Драмалық
туыңды қандай сипатта болады?
4. Трагедия және оның
өзіндік ерекшелігі.
5. Комедия және
ондағы өмір көрінісі.
6. Драмалық
туындыдағы тартыс және кейіпкер.
Пайдаланатын әдебиеттер
1.
А.Байтұрсынов
«Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989ж
2.
З.Қабдолов «Сөз
өнері» А., 1976, 1982, 1992ж
3.
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991ж
4.
М.Горький «Әдебиет
туралы» А., 1954, 1984ж
5.
С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері
мен түрлері» А., 1994ж
6.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.
Құр. З.Ахметов А., 1997ж
7.
Р.Нұрғалиев «Трагедия табиғаты» Алматы 1968ж
8.
Р.Нұрғалиев «Күретамыр»
А., 1973ж
9.
Р.Нұрғалиев «Айдын»
А., 1985ж
10.
Р.Нұрғалиев «Телағыс»
А., 1986ж
Әдеби процесс
Қаралатын
мәселелер:
-
әдеби дамудың тарихи сипаты;
-
әдеби даму-әдеби процесс;
-
әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық
ерекшелігі;
-
әдеби даму заңдылықтары;
-
дәстүр және жаңашылдық, өнердегі
дәстүр жалғастығы.
Бұл белгілі
бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің,
аймақтардың, әлемнің күллі тарихи
кезеңдерінде өмір сүріп жатқан әдебиеттің
тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір
тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және
эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан
сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген
қара дүрсін шығармалардан-көпшілікке арналған
әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отарыд.
Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін
жарияланымдар мен басылымдарды, әдеби сын, естеліктер, әдеби
эпистолярлық жанрларда жазлығна оқырмандардың үн
қатысуы да жатады.
Әдеби процесс
термині ХХ ғасырдың 20-30 жылы пайда болып, 60 жылдары кеңінен
қолданыла бастады.
Әдеби процесс
әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру
барысында маңызды пролеманың бірінен саналады. Егер
өмірбаяндық методтың жақтаушылары классикалық
және романтикалық эстетиканың ізінше бірыңғай
кемеңгерлердің туындылары мен ұзақ үлгілеріне
ғана ден қоятын болса, онда ХІх ғасырдың екінші
жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зертеу
ісіндегі әсіресе талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы
туындыларының көркемдік деңгейіне, иделогиялық
бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні
ретінде қарастырады.
Әдеби
процесс-адамзатың эстетикалық, рухани
құндылықтарының толығуының тарихы.
Әдеби процесс-жеке тұлғалар өзінің әкелген
айрықша көркемдік ашалымдарымен, өзіне дейінгі
құндылықтармен қайшылыққа түсе
отырып, оны қозғалысқа келтіре отырып, әдеби
процесстің құрамында кезеңдік, жалғастырушы,
өзгертуші қызмет атқарады.
Алайда,
техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен
өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар
көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды
қайта ондағы қайсібір дәуір мен кезеңдердегі
көркемдік ашылымдарға
әр беріп, үндесіп отырады. (мысалы: М.Әуезовтің «Абай
жолындағы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов
шығармаларындағы «мифтік» бастаулар т.б.)
Әдеби
процесс-эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің теориясы
мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ
көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді,
қозғалысқа түседі. Әдеби процесс-көркемдік
дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін
методологиялық әдіс.
Бақылау
сұрақтары:
1. Өнер дамуы мен
қоғамдық өмір байланысын қалай
түсінесің?
2. Әдеби дамудың тарихи сипаты
қандай?
3. Әдеби процесс
қандай құбылыс?
4. Көрнекті жазушы мен талантты
сыншының әдеби процесте алатын орны
қандай?
5.
Әдеби дамудың қандай заңдылықтары болады?
6. Дәстүр дегеніміз не?
7.
Дәстүрдің әдеби дамуға тигізетін ықпалы
қандай?
Пайдаланатын
әдебиеттер:
1.
Қ.Бекхожин «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы
– 1979ж
2.
Р.Бердібай «Дәстүр тағлымы» Алматы – 1974ж
3.
А.Байтұрсынов
«Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989
4.
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976,
1982, 1992
5.
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
6.
Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982
7.
М.Горький «Әдебиет
туралы» А., 1954, 1984
8.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.
Құр. З.Ахметов А., 1997
9.
Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті» А., 1972ж
10.
Ж.Дәдебаев «Өмір шындығы
және көркемдік шешім» А., 1991
Көркемдік әдіс.
Әдеби
ағым-бағыттар. Стиль
Қаралатын
мәселелер:
- көркемдік әдіс негізі -
дүниетаным;
-
өнер дамуының әр кезеңдеріңде туып,
қалыптасқан көркемдік әдістер;
-
бұлардың арасындағы сабақтастықтар мен
айырмашылықтар;
-
романтизм әдісі, оны туғызған
қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар;
-
реализм әдісі, оның пайда болуы және қалыптасу тарихы;
- социалистік реализм
және оған қазіргі көзқарас;
-
әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі;
-
орыс және қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби
ағым-бағыттар мен мектептер;
-
әдеби стиль жайлы ұғым;
Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным.
Өйткені көркем шығарма жазушының өмір тарихымен
тікелей байланысты. Жазушының творчествоы оның адамдық болмысымен,
азаматтық бітімімен өзгеден бөлек өз өмір
тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен біте
қайнасып жатады. Әрбір жазушның бүкіл
шығармашылығының өн бойынан
идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-мінез-тіл) тек
сол жазушыға тән осындай шығармашылық ерекшелік.
Стиль деген терминнің мағынасы әр
түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз
жазатын бір ұшы қалақша, бір ұлы сүйір
таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің
қолтаңбасы, жазу өрнегі, сөз мәнері, сөйлеу
машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер
ерекшелігі стиль атанған. «Тмінез қандай болса, стиль де сондай»
деген Платоннан бастап, «Адамның барлық қасиеті стильде
тұрады» деген Стендальға дейін талайлар стиль туралы өз пікірлерін
айтқан.
Стиль деген-ұғым ғылым мен өнер
атаулының бәріне қатысты және олардың әр
саласындағы сипаты әр түрлі. Ғылым мен өнер
ғана емес, бұл ұғым өмірде де жиі кездеседі:
жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, киім стилі т.б.
Әдеби стиль - эволюция үстіндегі,
диалектикалық даму үстіндегі құбылыс.
…шын мәніндегі
ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп
қарауға, оның әдеби беті мен бағытын, бүкіл
творчествосының мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не
әдісін ажыратып әкетуге тіпті болмайды. Стиль-өнер
ерекшелігі. Осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге
тән болуы мүмкін.
…бір топ жазушының бүкіл суреткерлік
өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай
идеялық-көркемдік бірлікке оларды ұқсас сипаттар мен
ортақ сырлар алып келеді. Дәл осы бірлік-әдеби ағым.
Демек, стиль-бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса,
ағым бірнеше жазушыға тән творчестволықбірлік;
стиль-әр жазушының дара қасиеті болса, ағым-әр
алуан жазушының ортақ сипаты; стиль-жалқыға тән
ұғым болса, ағым-жалпыға тән ұғым;
стиль-әр жазушының әдеби беті болса, ағым-әр
жазушының әдеби бағыты.
Әрбір әдеби ағымды әр
қоғамдағы таптық жағдай туғызады.
Әрбір әдеби ағым-әр дәуірдегі идеологиялық
күрестің әдебиетегі көрінісі.
Әдеби ағым-тарихи категория: жалпы
қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде белгілі
саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып,
бірге жоғалып отырады. ХҮІІ ғасырдың аяқ
жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін
өнер атаулының бәрінде, әсіресе Европа
әдебиетінде кең өріс алған ағым-классицизм
(латынша-үлгілі, өнегелі бағыт).
Классицистер қалмынан туған көркем
шығармалар «өнердің табиғилығы мен еркіндігін
талақ етті; шындыққа болған адамдар орнынан ешбір елде,
ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский).
Осы тұстағы (ХҮІІІ ғасырдың
ортасы) өмірдегі абсалютизммен күрес идеясынан туған
сентиментализм (француз сөз-сезімталдық) өнерде классицизмді
ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм
әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің
«Сентиментальдық саяхатынан» басталды да кейін Францияға,
Германияға, Россияға ауысты.
Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну
әбден шарықтау шегіне жеті: кітап беті ашылса-ақ
болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас,
көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін,
сондықтан бұл ағымның да ұзаққа
созылмады. Жалпы дүниежүзі әдебиеттің даму тарихына
көз жүгіртсек классицизм мен сентиментализмнен басқа да,
өмірде ірі мақсат та, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік
ұсақ түйектен ғана тұрады деген кертарпа
ұғымға негізделген натурализм, әдебиеттегі мазмұн
дегенді біржола ұмытып, жалаң пішінді ғана
қуалаған жат сарынды формализм, оның асқынған
түрі-абстракционизм, бұлардың «бел балалары»-әсіре
қызыл экспрессионизм, бет алды лаққан футуризм, дарашыл,
күйрек импрессионализм, күңіренген символизм, діни
мистикалық акментизм, қылтың-сылтыңға толы
имажинизм, күллі кертартпа ағым атаулының бүгінгі
буржуазиялық өнердегі қырық құрау
қосындысы-өңі айналдырып, қайта тысталған
түрі модернизм секілді ағымдар болды.
Әдеби творчестволық процесте стиль мен
ағымнан гөрі әлдеқайда тұрақты әдіс
деген ұғым бар.
Стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс
олай емес; стиль мен ағым қайталанбайтын құбылыстар
болса, әдіс-қайталанып отыратын құбылыс; стильмен
ағым-құбылмалы нәрселер болса, әдіс-тұрақты
нәрсе.
М.Қаратаев «Социалистік реализмнің
қазақ прозасында қалыптасуы» атты еңбегінде:
«Творчестволық әдіс-өмірді образбен бейнелеп, көркем
шындық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі
болмыс дүниесінен өнер дүниесін, яғни тұтас бір
шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы.
«жолы» деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт,
процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз,
өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардығ
қызметін қоса атқарады»-дейді.
Көркемдік әдіс-бір адамға ғана
тән стильде емес, бір қоғамға сай ағым да емес,
мұның екеуінен де әлдеқайда кең ұғым,
барлық адамдар мен қоғамдарға тән, өнер
атаулының бәріне ортақ, тұрлаулы әрі
тұрақты нәрсе және заты көркемдік әдіс
деген атымен бірге емес, өнердің өзімен бірге туып,
өнер арқауы-өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп
келе жатқан табиғи, тұтас құбылыс.
Көркемдік әдіс-өмір шындығын
өнер шындығына айналдыра отырып саралап, белгілі бір
қоғамдық идеал тұрғысынан қайта
туғызудың айрықша типі.
Сонымен, көркем творчестволық әдіс
екеу-романтизм және реализм. Романтизмнің өзіне тән
ерекшелігі: суреткер шындық қиялға негізделеді; шығарманың
идеялық көркемдік арқауында асқақ арман,
көтеріңкі пафос жатады, автордың тілі де тым бояулы, мейлінше
лепті, ерекше әсерлі келеді.
Қай кезде жасамасын өзге ел жазушылары да
өз шығамаларында реализм мен роматизм араласып жатады;
осылардың әрқайсысы роматизмнен реализмге келе жатады;
әдеби дамудың обьективті заңы,әдеби әдістің
эволюциясы осылай жылжуға тиіс. Әдебиеттегу реализм
өзінің даму тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа
ағымдармен күресе отырып нығайды.
Реализм
(латынша-заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі
кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар
қалпында, нақты сипат-белгілерін сақтай отырып,
жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеудегі мақсат ететін.
Көркемдік әдіс.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Әдеби ағым – бағыт деген не?
2.
Олардың ерекшелігі қандай?
3. Қазақ
әдебиеті тарихындағы қандай ағым-бағыттарды
білесің?
4.
Әдеби ағым-бағыттардың әдеби процесте алатын орны
қандай?
5. Стиль және
әдеби стиль деген не?
6. Стильдік
ерекшеліктердің танылу ауқымы қандай?
7. Әрбір
көркемдік әдістің, ағым-бағыттың стильге қатысы қандай?
Пайдалануға ұсынылатын әдебиет
1. Ахметов 3. Өлең
сөздің теориясы. — Алматы, Мектеп, 1973.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет
танытқыш. Кіт: Шығармалары. - Алматы, 1989.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет
теориясы. - Алматы, 1969.
4. Қабдолов 3. Сөз өнері. -
Алматы, 1992; 2002.
5.
Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған:
С.Мақпыров А., 1991.
6. Джунышбеков Н. Введение
в литературоведение. А., КазНУ им. Аль-Фараби,
2005.
7.АхметовЗ.
Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995. 8. Ахметов 3. Казахское
стихосложение. - Алматы, 1964.
9. Атымов М. Көркем
шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.
10. Белинский В.Г. Шығармалары.
Сын мақалалары. - Алматы, 1987.
11. Добролюбов Н.А.
Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр
және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым,
1980-1981.
13. Жұмалиев Қ.
Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.
14. Горький М.
Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.
15. Қабдолов 3. Көзқарас.
Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.
16. Кенжебаев Б.
Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1955.
17. Майтанов Б. Суреттеу
мен мінездеу. -Алматы, 1991.
18. Мақпыров С.
Әдебиетгің тектері мен түрлері. -Алматы, РБК, 1994.
19. Мәшьүр -
Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. -Алматы,
1991. 20.Негимов С.
Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар
поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, Ғылым, 1991.
21. Нұрғалиев Р. Трагедия
табиғаты. -Алматы, 1972.
22. Пірәлиева Г. Ішкі
монолог. -Алматы, Ер - Дәулет, 1994.
23. Стиль сыры.
Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.
24.
Ысқақұлы. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.
25. Әдебиеттану.
Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.
26. Әдебиеттану.
Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына
әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші
құрал (құраст. Ә.Дайырова,
Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева).
- Алматы, Мектеп, 2003.
27. Волков И.Ф. Творческие методы и
художественные системы. Изд. 2-е. -Москва, 1978.
28. Виноградов В.В. О языке художественной прозы.
- Москва, 1980.
29. Словарь
литературоведческих терминов. Сост. Л.Тимофеев, С.Тураев. -Москва, 1974.